«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 369 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 71 бұйрығы
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 130 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 369 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11565 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) және (немесе) өзге көрсетілетін қызметті берушілермен өзара iс-қимыл тәртiбiнің, сондай-ақ мемлекеттiк қызметті көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiнің сипаттамасы»;
11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Мемлекеттік корпорацияға жүгiну тәртiбiнің сипаттамасы, көрсетiлетiн қызметті алушының сұрауын өңдеу ұзақтығы:
1) Мемлекеттік корпорацияға жүгiну тәртiбiнің сипаттамасы:
1-рәсім - Мемлекеттік корпорация қызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсету үшін «Мемлекеттік корпорацияның ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорацияның ЫАЖ) логин мен парольді (авторизация процесі) енгізуі;
2-рәсім - Мемлекеттік корпорация қызметкерінің өтінішке қол қойған адамның жеке басын сәйкестендіруі;